kosmet12017 жылғы 15 наурызда ЖИТС орталығы Тұтынушылар құқығын қорғау департментімен бірге «Астана қаласының қауіпсіздігі және жайлылығы» бірлескен кешенді жоспар аясында және халықаралық «ЭКСПО 2017» көрмесін өткізуге  дайындық барысында косметологиялық қызмет көрсету саласындағы шағын және орта кәсіпорын басшылары үшін семинар өткізді.

Семинар барысында дәрігер-эпидемиолог Бексұлтанова Д. Т. іс-шараға қатысушыларға АИТВ-инфекциясының профилактикасы бойынша толық ақпаратты ұсынып, сондай-ақ, Әлемдік-экономикалық форум, Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі туралы, атап айтқанда "АИТВ-жұқпасының бизнеске әсері" индексі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  
Соңында, барлық қатысушыларға ақпараттық-ағарту материалдары таратылды.

 kosmet2