2017 жылғы 04 сәуірде ЖИТС орталығының бас дәрігерінің орынбасары С.Мусина мен ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж.Айтмағанбетқызы Республикалық «Шалқар» радиосының тікелей эфиріндегі «Денсаулық» бағдарламасына қатысып, журналист пен тыңдармандар тарапынан МӘМС туралы және басқа қойылған сұрақтарға жауап берді.
Бағдарлама аясында АИТВ/ЖИТС тақырыбы төңірегінде, сондай-ақ Астана қаласы бойынша эпидемиологиялық ахуалы, таралу жолдары мен алдын алу шаралары турасында сөз қозғалды.