kegok

ЖИТС орталығының мамандары «АИТВ/ЖИТС-тың бизнеске әсері» тақырыбы аясында ірі және орта бизнес объектілерінің басшылары мен қызметкерлерінің хабардарлығын арттыру бойынша алдын алу жұмыстарын жалғастыруда. «Кеgоc» АҚ, «№2 Автобус паркі» АҚ, «№4 Автобус паркі» АҚ, «КонцернАстықАстана» АҚ,

«Астана Мак» АҚ, Amitech Astana, «Аймақтау» СҮ, «Жеңіс» СҮ әкімшілігі мен қызметкерлеріне семинарлар мен дәрістер өткізілді.
Мамандар АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу шаралары және Астана қаласы бойынша АИТВ/ЖИТС-тың эпидемиологиялық жағдайы туралы айтып берді. Сонымен қатар бизнес құрылымдары басшыларымен бәсекеге қабілеттіліктің жаhандық индексінің (БҚЖИ) индикаторы бойынша сауалнама өткізілді. Іс-шараларға қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары (брошюралар, парақшалар), сондай-ақ жеке қорғаныс құралдары (мүшеқаптар) таратылды. Іс-шараға - 340 адам қатысты.

 

 kegok2