2017 жылы 20 сәуірде Астана қаласының ЖИТС орталығында Астана қаласының Ішкі істер департаментімен ведомствоаралық мәжіліс өтті. Мәжіліске ЖИТС орталығының мамандары, ІІД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, Криминалдық полиция басқармасы, Көші-қон қызметі басқармасы, жергілікті полиция, қабылдап тарату қызметі, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және медициналық көмек көрсету қызметінің өкілдері қатысты.
Мәжілісте АИТВ жұқтырған тұлғаларды іздестіру, тұрғындардың осал топтары арасындағы жұмыс және Астана қаласындағы АИТВ-ның жыныстық жолмен берілуін тежеу бойынша сұрақтар қарастырылды.
Мәжіліс қатысушылары арақатынасты одан әрі нығайту бойынша ұсыныстарды талқылады. Мәжіліске 15 адам қатысты.