psk12017 жылы 24 сәуірде ЖИТС орталығында Астана қаласының МҰ-ның медициналық қызметкерлеріне «Психоәлеуметтік кеңес беру» оқыту семинар-тренингі жүргізілді.

Семинар-тренинг барысында қатысушыларға АИТВ жұқпасының негізі, Астанадағы АИТВ-ның эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпарат беріліп, тестке  дейінгі және тесттен кейінгі кеңес берудің негізгі принциптері, перинаталды орталықтар мен АМСК жағдайларында кеңес берудің ерекшеліктері түсіндірілді. Сондай-ақ, қатысушыларға «АИТВ бойынша психоәлеуметтік кеңес беру» жөнінде фильмі көрсетіліп, рөлдік ойындар жүргізілді.
Семинар-тренингтің соңында қатысушылар тақырыпты талқылап, пікір алмасып, қорытынды жасады. Барлығы 13 адам қатысты.

 

psk2