pp121.04.2017 ж. Астана қаласының Өңірлік кәсіпкерлер палатасының кеңсесінде ЖИТС орталығының мамандары дөңгелек үстел өткізіп, кездесуде Дүниежүзілік экономикалық форумның ЖБИ-дың  индикаторлары бойынша  ірі және орта бизнес басшыларының ақпараттандыру деңгейін арттыру сұрақтары қаралды.

Дөңгелек үстелге Кәсіпкерлер палатасы басшылығы мен бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты. Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі  Ж. Аймағанбетқызы және дәрігер-эпидемиолог Д. Бексұлтанова презентациялар ұсынып, Қазақстан Республикасында «АИТВ-инфекциясының таралуы» индикаторы бойынша АИТВ –инфекциясының таралу деңгейінің төмендігіне байланысты 1-орында (0,2%) екендігін атап кетті.
Іс-шара барысында дөңгелек үстел қатысушылары арасында АИТВ-инфекциясына қатысты аспектілерді қалай түсінетіндігіне байланысты   сауалнама жүргізіп, дұрыс жауап бергендер пайызы 76% құрады.
Кездесу қорытындысы ретінде бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес ынтымақтастықты дамыту туралы шешім қабылданды.

pp2