2017 жылы 21 мамырда Халықаралық ЖИТС құрбандарын еске алу күні аясында, Астана қаласының ЖИТС орталығы мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы бірлесіп, астаналықтар мен қала қонақтарына арнап Отанқорғаушылар паркінде «Еске алу. Сену. Өмір сүру» атты ауқымды акциясын өткізді.
Акцияның мақсаты – Халықаралық ЖИТС құрбандарын еске алу күніне халық назарын аудару, АИТВ-ның және жыныстық жолмен берілетін жұқпалардың алдын алуына бағытталған, әрбір жас адамда жауапты мінез тәртібін қалыптастыру.
Акция кезінде қалағандар орталықтың мамандарынан кеңес алып, АИТВ жұқпасына тестілеуден өтті.
Қаланың 300-ден астам тұрғыны мен қонақтары АИТВ жұқпасы бойынша ақпараттық кітапшалар, жеке қорғаныс құралдарын алды. Барлығы 54 адам тестілеуден өтті.