2017 жылғы 26 мамырда Астана қаласының ЖИТС орталығы Республикалық "#Жоқ ЖИТС-2030" акциясы аясында Республикалық ЖИТС орталығының, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Қазақстандық одағы және Орталық-Азия АИТВ-мен өмір сүретін адамдар ассоциациясының қолдауымен және ықпалымен журналистерге арнап "АИТВ тақырыбын жариялаудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі " атты семинар-тренинг өткізді.
Тренингке телевизиялық арналар, радио, газеттер, ақпараттық агенттіктер және электронды БАҚ өкілдерінің журналистері қатысты.
Семинар барысында БАҚ журналистері елімізде танымал медиатренер, Республикалық ЖИТС орталығының баспасөз хатшысы - Марина Максимовадан мастер-класс алды. М. Максимова бұқаралық ақпарат құралдарында АИТВ/ЖИТС тақырыбын ең дұрыс жариялау мәселелерімен, АИТВ-инфекциясы туралы ақпаратты толық және дұрыс қабылдау үшін материалды қандай нысанда беру керек екендігімен, БАҚ арқылы АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеуге және тағы да басқа көптеген тақырыптармен журналистермен бөлісті.
Семинар-тренинг соңында журналистерге сертификаттар табыс етілді. Барлығы 17 журналист қатысты.