2017 жылы 30 мамырда Астана қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментімен ведомствоаралық мәжіліс өтті. Астана қаласындағы барлық анықталған жаңа жағдайлардың ішінде, пенитенциарлық жүйеде анықталғандар үлесі 13%-ті құрайды.
Соңғы 2 жылда АИТВ-ның мекемеішілік жағдайлары тіркелмеген. Қазіргі уақытта Астана қаласы бойынша ҚАЖД-ның 1 тергеу изоляторында және 3 түзету мекемесі бойынша 60 сотталғандар ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұр.
ЖИТС орталығының бас дәрігері С.Б. Абдраимов, мәжілісті аша отырып, бірлескен күш нәтижесінде, бірнеше мәселелер шешілгені, соның ішінде АИТВ-ның жыныстық жолмен таралуының алдын алуына арналған мүшеқаптар сатып алынуы, ҚАЖ мекемелерінің радиофикациялауы, тергеу изоляторында изониазидпен химиопрофилактика курсымен 100%-пен қамтылуы және басқаларға тоқталды. Мәжіліс барысында, 2016 жылдың және ағымдағы жылдың 5 айы бойынша алдын алу бағдарламасының жетілген көрсеткіштері, сотталғандардың АИТВ жұқпасына тестілеумен қамтылуы және ағымдағы диспансеризацияның нәтижесі туралы айтылды. ҚАЖД басшысы тарапынан, ҚАЖД бастығының орынбасары, юстиция полковнигі М.Т. Нарымбиев өткізілген бірлескен жұмысқа оң баға беріп, ағымдағы жылда алдын алу бағдарламасының индикаторларын ұстап қалуға дайын екендігін білдірді.
Мәжілістің қорытындысы бойынша, қатысушылар алда алдын алу бағдарламасын сапалы іске асыру және бар мәселелерді ведомствоаралық деңгейде шешу туралы келісті.