Астана қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында "Болашаққа қадам" қоғамдық қорымен бірлескен "АИТВ инфекциясының алдын-алу, диагностикасы, күтімі және қолдау бойынша медициналық - әлеуметтік қызмет көрсету" атты әлеуметтік тапсырыс шеңберінде АИТВ-мен өмір сүретін тұлғалар үшін Пациент мектебі өз жұмысын бастады. Бірінші сабақта Мектепке келушілер АИТВ туралы жалпы мәліметтерді талқылап, оппортунистік инфекциялар туралы ақпарат алды.
ЖИТС Орталығының емдеу және алдын ала көмек бөлімінің меңгерушісі Г. С. Нұрғожина және әлеуметтік қызметкер А. Т. Нұрмағамбетова Мектептің мақсаттары мен міндеттері туралы айтып, оның жұмысы бойынша ұсыныстар жинады. Бейресми кездесу барысында жиналғандар маңызды ақпаратпен бөлісіп, өзекті мәселелер туралы айтып, келесі кездесулердің уақытын белгіледі.