«Оңалту технологиялары мен тұжырымдамалары" қоғамдық қорының базасында «Кәсіпкерлік қызметті дамытып кеңейту және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға жұмыс орындарын құру» жобасы бойынша дөңгелек үстел өтті
2017 жылғы 09 қарашада Астана қаласының «Оңалту технологиялары мен тұжырымдамалары" қоғамдық қорының базасында Астана қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы, Жұмыспен қамту Орталығы, ҚАЖД, ІІД қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел «Кәсіпкерлік қызметті дамытып кеңейту және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға жұмыс орындарын құру» тақырыбында өткізілді. Дөңгелек үстелді қоғамдық қор директоры О.М. Кульжабаева ашты. Бұдан әрі ҚАЖД, ІІД, ЖИТС орталығы және Жұмыспен қамту орталығы мамандары сөз алды.
Іс-шара соңында қатысушылар мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың ұсыныстарын талқылады.