NUR 4291

2017 жылы 17 қарашада Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен, Салауатты өмір салтын қалыптастыру Орталығымен бірлесе, ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясына арнап пресс-конференция өткізілді.

Дүниежүзілік кампанияның мақсаты – қоғам назарын аудару, салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарға АИТВ және ЖИТС бойынша ақпарат беруді қамтамасыз ету. Пресс-конференция жұмысына "Шаг в будущее", "Жария", "Жизнь вопреки", "Центр волонтерства Алем" үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдары ат салысты.
Қалалық ЖИТС орталығының дәрігерлері бұқаралық ақпарат құралдарын «Денсаулыққа құқығың бар» ұранымен өтетін 2017 жылғы кампанияның тақырыбы мен міндеттерімен таныстыра өтті. Мамандар айлық барысында халықтың, әсіресе жастардың АИТВ-инфкциясының алдын алу бойынша ақпараттылығын арттыру мақсатында бірқатар кең ауқымды іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, мамандар АИТВ жұқтырған адамдарға қатысты қоғамда кемсітушілікке жол бермеуге, төзімділік пен толеранттылық танытуға және дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығын түсінуге шақырады.
Пресс-конференцияға ТРК «Қазақстан ұлттық арнасы», «Евразия», «СТВ», «МИР» теле каналдары және «Шалқар» радиосы, «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана», «Егемен Қазақстан» газеттерінің тілшілері, сонымен қоса «Bag.kz», «КазИнформ», «Азаттық» ақпараттық сайыттарының журналистері мен «Начальник» ақпараттық-публицистикалық журналы қатысты.

NUR 4279

NUR 4271