2019 жылдың 11 желтоқсанындаНұр-Сұлтан қаласы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары №68 мектеп-гимназиясының қызметкерлері мен ұстаздарына МӘМС жүйесін енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Семинар барысында спикерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі тезистеріне, сондай-ақ артықшылықтарына тоқталды. Қойылған барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді. Сонымен қатар буклеттер түрінде ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.