«ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК мамандары 2019 жылдың 13 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласының №27 «Балауса» бөбекжай-балабақшасы қызметкерлері үшін «МӘМС жүйесін енгізу» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шара барысында ЖИТС орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж.Айтмағанбетқызы Қазақстан Республикасында МӘМС жүйесін енгізу туралы айтып берді, сұрақтардың барлығына толық жауаптар берілді. Барлық қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.