WhatsApp Image 2020 11 20 at 14.39.16

Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері арасында «Өнер АИТВ-ға қарсы» үздік бейнеролик байқауы өтті. Ұйымдастырушылар: Қазақ ұлттық өнер университеті, ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы.

2020 жылғы 20 қарашада Қазақ ұлттық өнер университетінде байқау жеңімпаздарын естелік сыйлықтар мен алғыс хаттармен, сонымен қатар олимпиада чемпионы, ЮНЭЙДС-тің Қазақстандағы «Спорт ЖИТС-ке қарсы» арнайы өкілі Бахтияр Артаевтың қол таңбасы қойылған боксерлік қолғаптар салтанатты марапаттауда табысталды.

Қазылар алқасы үздік бейнероликтерді анықтап, жүлделі орындарды тағаайындады: 1 орын - Руана Шарипова 1 курс студенті, 2 орын - Айнұр Бейсенова 1 курс студенті, 3 орын - Александр Цвет 2 курс студенті.

ЖИТС орталығының директоры С.Абдраимов – осы байқау арқылы студент жастардың, болашақ өнер азаматтарының назарын АИТВ-ның таралу проблемасына, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға деген қарым-қатынастың өзгеруіне, сау, қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыруға шақырып, байқауға қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі.

WhatsApp Image 2020 11 20 at 14.39.17