ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 161-бабына «АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдарды әлеуметтік және құқықтық қорғау» сәйкес, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға әлеуметтік және құқықтық қорғау кепілдігі берілген.
Нұр – Сұлтан қаласы мәслихатының шешімімен АИТВ-мен өмір сүретін адамдар тоқсан сайын 5 АЕК (13 890 теңге), сондай-ақ 1 желтоқсан-Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне 2,5 АЕК (6 945 теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек алады.
2020 жылдың ішінде мемлекеттік органдармен бірлесіп АИТВ жұқтырған балалар үшін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту бойынша белгілі бір жұмыс жүргізілді. 2020 жылдың қазан айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының «Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары туралы» шешімімен 25 АЕК ( 69 450 теңге ) мөлшерінде әлеуметтік көмек АИТВ жұқтырған 18 жасқа дейінгі балаларға беріледі.