Іс-шараға қатысушылар 2021 жылға арналған ЖТБЖҚ грантын іске асыру бойынша негізгі міндеттерді және халықтың негізгі топтары арасында алдын алу бағдарламаларының индикаторлары бойынша бірлескен өзара іс-қимыл шараларын талқылады.

Кеңесте алдын алу жұмысы бөлімінің меңгерушісі А.Мухамедиев «2020 жылдың қорытындысы бойынша АИТВ-ның таралуын талдау» презентациясымен сөз сөйледі. АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша жастар көшбасшыларын дайындау және «Пациенттер мектебі» бойынша мемлекеттік, әлеуметтік тапсырыстарды іске асыру қорытындылары бойынша «Жария» халықаралық орталығының басшысы Қ.Мырхайдаров және «Жизнь вопреки» ҚҚ басшысы А. Мукушева баяндама жасады.

Совещание2

Қорытындылай келе, іс-шараға қатысушылар 2021 жылға арналған АИТВ және ЖИТС-тың алдын алу іс-шараларын іске асыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.