Айтулы датаға орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК 2021 жылғы 10-шы мамыр мен 16-шы мамыр аралығынды қоғам назарын осы індетке аударуға бағытталған көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Сондай іс-шараның бірі 2021 жылғы 16-шы мамырда Елорда сағатымен кешкі 21.00-ден 23.30-ға дейін «Бәйтерек» монументінің жарығы қызыл түске боялып жанды және «ҚТЖ ҰК» АҚ ғимаратында (Қонаев көшесі, 6) әлеуметтік бейне роликтер 15,16-шы мамыр күндері кешкі уақыттарда үздіксіз көрсетілді. Сонымен қоса қаламыздың көрікті жерлерінің бірі Ботаникалық саябақта ЖИТС құрбандарына арналып шырша отырғызылды, АИТВ-мен өмір сүретін әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік көмектер көрсетілді. Осы шаралардың барлығы АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қоғамның толерантты қарауына өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екендерін сезіндіреді.Сол себепті де биылғы жылы акцияның ұраны #ОданАртықпын деп бекітілді. Бұл күн алғаш рет 1983 жылы жарияланған. Әлемнің115 елдегі 1200 қоғамдық ұйым ұйымдастырған ең үлкен іс-шаралардың бірі болған

«Қазіргі таңда екінші жыл әлем назары CОVID-19 пандемиясына ауып отыр. Осы орайда АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өмірі назардан тысқары қалмауы керек.Сондықтан осындай айтулы даталардың АИТВ-ның алдын алуға бағытталған біздің  мамандарымыздың атқарып жатқан жұмысына оң әсер береді.  АИТВ мен коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына қарсы тұруға, эпидемиямен күресте күш біріктіруге, АИТВ-инфекциясы туралы хабардар болуға дайындықты көрсетудің тағы бір мүмкіндігі болып табылады» - деді өз сөзінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК директоры Абдраимов С.Б . « Соңғы жылдары қалада АИТВ-мен тіркелген науқастардың антиретровирустық терапиямен қамтылуы 75-тен 91% -ға дейін өсті. Осы антиретровирустық терапияны енгізудің және науқастардың емделуге бейімділігінің арқасында қан вирусының репликациясын басуға болады, осылайша адам өзінің жыныстық серіктесіне жұқтыра алмайды. Тіпті тіркеуде тұрған аналарымыз сау сәби дүниеге әкелуде », - деп сөзін толықтырды орталықтың бас дәргері.

Өткен төрт айдың көрсеткіші бойынша қаламызда жаңадан 100 адамнан АИТВ-ы анықталған. Оның 78-і ерлер қалған 22-сі әйелдер. Жалпы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша алғаш тіркелген күннен бүгінге дейін 2297 адам тіркеуде тұрады.

Анықтама үшін: Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығы, 38-04-71, 8-701-622-56-78