Іс-шара барысында эпидемиолог дәрігерлер Д.Т.Бексұлтанова және Г.М.Жастлек АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, берілу жолдары және алдын алу шаралары туралы айтып берді. Қатысушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар берілді. Барлығына ақпараттық-білім беру материалдары (буклеттер) және жеке қорғаныс құралдары таратылды.