Концерт алдында ЖИТС орталығының директоры Сәбит Бекмағанбетұлы Әбдірайымов сөз сөйлеп, онлайн-концерттің мәдени маңызы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік рөлі бар екенін және Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясындағы бағдарламаның негізгі бөлігі болып табылатынын атап өтті.
Бұл концерт - шығармашылық, өнер арқылы халықтың назарын АИТВ-инфекциясының таралуына, нашақорлықтың алдын алуға, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеуге аудару мүмкіндігі.
Концерт соңында ЖИТС орталығының директоры С.Б. Әбдірайымов музыканттарға естелік сыйлықтар тарту етті.
Концерт Қазақ ұлттық өнер университетінің YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді.