Студенттер АИТВ және ЖИТС-тың алдын алу, диагностикалау және емдеу саласындағы өзекті мәселелері бойынша жақсы білімдерін көрсетті. Іс-шараның модераторлары қалалық ЖИТС орталығының мамандары, емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі А.Ш. Сергалиева, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгеруші Ж. Айтмағанбетқызы және диагностикалық зертхананың дәрігер-лаборанты М.Е.Жакижанова болды.
Бұл іс-шара жастардың ақпараттық деңгейін, толеранттылығын арттыруға және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті жоюға бағытталған. Ең белсенді командаларға естелік сыйлықтар табыс етілді.
Іс-шара соңында ниет білдірушілер АИТВ - ға экспресс-тест тапсырып, ақпараттық материалдар (брошюралар, парақшалар) алды.