2022 жылдың 11 ақпанында ЖИТС орталығында 2021 жылдың қорытындысы және 2022 жылға қойылған басым мақсаттарды анықтау бойынша Медициналық кеңес өтті.
Отырыс барысында 2021 жылы жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша бөлім меңгерушілерінің баяндамалары тыңдалды. Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасы арасында бекітілген Меморандум бойынша қол жеткізген көрсеткіштер туралы айтылды. Сондай-ақ, проблемалық мәселелер, оның ішінде халықтың негізгі топтары арасында профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру шаралары, пациенттердің АРТ-ға бейімділігі бойынша, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды медициналық қызметпен қамту және т.б.
Кездесу соңында ЮНЭЙДС-тің «95-95-95» стратегиясы аясында 2022 жылға арналған негізгі міндеттер айқындалды.