2022 жылдың 25 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ЖИТС орталығы базасында АИТВ/ЖИТС эпидемиясына қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес Полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерімен ведомствоаралық жиын ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2022 02 25 at 14.04.32

Жиынның негізгі мақсаты осал топтар арасында АИТВ-инфекциясының  таралуын төмендету мәселелері бойынша қарым-қатынасты нығайту және эпидемияға қарсы шараларды өткізуге көмектесу болып табылады. 

Жиын барысында Нұр-Сұлтан қаласында АИТВ-ның таралуындағы ХНТ рөлі, емделушілерді іздеу бойынша өзара әрекеттестіктің қорытындысы,АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы бойынша өзекті мәселелер талқыланды.  Жиынға қатысушылар 2021 жылғы бірлескен жұмыс қорытындысын, сондай-ақ 2022 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын талқылады.

Жиын қорытындысы бойынша екі жақтың нәтижелі және оң тұжырымды өзара әрекеттестігі байқалды, сондай-ақ АИТВ/ЖИТС таралуының алдын алуы бойынша ынтымақтастықты одан әрі күшейту және орын алған кемшіліктерді жою туралы шешім қабылданды.