2022 жылғы 29 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығы АМСК ұйымдарының акушер-гинекологтары мен жалпы практика дәрігерлері үшін «АИТВ инфекциясы бар жүкті әйелдерге кеңес беру ерекшеліктері.

329c4237 33ed 4e2f b5a8 5cf4f00cfc5d

Антиретровирустық терапияға бейілділік. АИТВ-мен ауыратын әйелдерде босану әдісін таңдау. Бала туу жасындағы әйелдерде контрацепция әдістерін қолдану» атты оқыту семинар өтті. Семинарға қатысушыларға АИТВ-сы оң статусы бар жүкті әйелдерге кеңес беру дағдылары, вирустық супресияға қол жеткізу және антиретровирустық емдеуді ұстануды қалыптастыру үшін әйелдерге кеңес беру ерекшеліктері және анадан балаға АИТВ-ның алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асырудың маңыздылығы ұсынылды. Ұйымдастырушылар АИТВ-инфекциясы бар әйелдерге жүктілік кезінде міндетті түрде жоғары тиімді антиретровирустық терапиясы (АРВТ) қабылдау шартымен ана болудан бас тартуға себеп емес екенін еске салды. Зерттеулерге сәйкес, бұл алдын-алудың маңызды кезеңі: жүктіліктің ерте кезеңінде АРВТ максималды нәтиже береді. Айта кету керек, 20 жылдан астам уақыт ішінде АРТ арқасында елордада АИТВ-мен ауыратын әйелдерде 250-ден астам сау бала дүниеге келді.

7d740beb 6a24 4919 8f78 75a20adf6db9