Іс-шараның мақсаты: халыққа АИТВ-инфекциясының алдын алудың маңыздылығын тағы да еске салу, АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдардың құқықтарын сақтау және стигма мен кемсітушілікке жол бермеу қажеттігіне жұртшылықтың назарын аудару.
Акцияға Халқаралық конкурстардың лауреаты Шаутыбай Амина,
Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері "Топжарған" музыкалық жобасының жеңімпаздары, эстрадалық вокал дуэті мен саксофондағы музыкалық композициясымен Абдухайлык Дидар, Ниязқұлов Багалылар концерттік бағдарламасымен өнер көрсетсе, сонымен қатар «Астана» Медициналық университеті, «Менеджмент, бизнес және білім беру» колледжі, «Сана» қоғамдық қоры студенттерінің флешмобтарымен сүйемелденді. Ойын-сауық бағдарламаларымен қатар викториналық «сұрақ- жауап» ойнатылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Саябақ аумағында «Денсаулық қалашығы» ұйымдастырылды, онда әрбір ерікті тұрғын АИТВ-ға экспресс-тесттен өтті, қан қысымын, қандағы қант, холестерин деңгейін анықтау мүмкіндігі қолжетімді болды.