Баспасөз жиында БАҚ өкілдеріне ЖИТС орталығының директор С.Абдраимов айтулы датаға байланысты қалада өткен әр түрлі іс-шараларға тоқтала келе АИТВ ақуалына қысқаша айтып өтті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта антиретровирусқа қарсы емдеу мен тұрақты медициналық бақылаудың арқасында АИТВ-инфекциясы ЖИТС сатысына көшпеуі мүмкін, бұл пациенттер өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Мысалы, 7-8 жыл бұрын Орталықта есепте тұрған АИТВ-мен өмір сүретін адамдармен салыстырғанда, өмір сүру ұзақтығы 2,4 есе өсті. Сондай-ақ, орталық дәрігерлерінің тәжірибесінде АИТВ-инфекциясын жұқтыру қаупін төмендету, дені сау балалардың дүниеге келуі осы- антиретровирустық терапияның жоғары тиімділігі болып отыр. Яғни анадан балаға АИТВ-ның перинаталдық берілу деңгейі 1% - дан кем.
Іс - шараның басты мақсаты - ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске түсіру ғана емес, сондай-ақ халыққа АИТВ-инфекциясының алдын алудың маңыздылығы туралы еске салу. АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдардың құқықтарын сақтау және стигма мен кемсітушілікпен күрес мәселелеріне аудару.