Семинардың мақсаты - маймыл шешегінің эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы бойынша қазіргі деректермен және эпидемияға қарсы іс-шаралармен танысу. Директорының орынбасары С.Мусина маймыл шешегінің клиникалық диагностикасы, емдеу және алдын алу мәселесіне тоқтап кетті. Диагностикалық зертхана меңгерушісі Н.Хамитжанова өз баяндамасында маймыл шешегін зертханалық диагностикалауға назар аударды.

Сондай-ақ семинарға қатысушылар ел аумағына жұқпалы аурудың әкелінуіне және таралуына жол бермеуге бағытталған эпидемияға қарсы іс-шараларды талқылады. 

WhatsApp Image 2022 06 08 at 12.17.45