Қонақтарды Қазақстанның халықтың негізгі топтарымен жұмыс істеу тәжірибесі мен үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы қызықтырды. Кездесу барысында қонақтар диагностикалық зертханаға, сенім пунктіне, Достық кабинетіне, жылжымалы сенім пунктіне, процедуралық кабинетке барып, емдеу-алдын алу бөлімінің жұмысымен танысты.
Дөңгелек үстелде меңгерушілер бөлімдердің негізгі міндеттері туралы презентациялар ұсынылып, АИТВ саласындағы микробиологиялық зерттеулердің мақсаттары мен міндеттері, екі тарап мамандарының қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасуы талқыланды.
Кездесу соңында тараптар ҚР ДСМ Қазақ Дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығымен АИТВ-инфекциясының алдын алу, емдеу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдар арасында ғылыми зерттеу саласындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі қарау туралы ұсыныстар енгізді.