Кеңеске АИТВ орталығының мамандары дәрігер-эпидемиолог Ж.К.Бекетова, педагог А.Т.Тұрымова, «Өрлеу» БАИ қызметкерлері, Астана қаласындағы мектептердің мұғалімдері қатысты.
Іс-шара барысында жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алудың негізгі тәсілдері, сондай-ақ мектептерде және басқа да білім беру мекемелерінде АИТВ мәселесі бойынша оқыту тренингтері мен семинарларын өткізу кезінде қолдануға болатын интерактивті жұмыс әдістері талқыланды. Дәрігер-эпидемиолог Ж.К. Бекетова Астана қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтып, жастар арасында АИТВ-инфекциясының таралу аспектілеріне назар аударды. Сондай-ақ кеңесте жасөспірімдер арасында АИТВ-инфекциясының таралу процесіне әсер ететін жаңа психобелсенді заттардың таралу мәселесі туралы да айтылды.
Кеңес соңында мұғалімдер өз жұмыс орындарында профилактикалық іс-шараларды өткізу бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті, одан әрі ынтымақтасып жұмыс үшін АИТВ орталығының мамандарымен байланыс деректерімен алмасты. Іс-шараның барлық қатысушыларына оқушылар арасында буклеттерді тарату үшін АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша үлестірме материал таратылды, сондай-ақ «Болашаққа қадам» ҚҚ қолдауымен кеңеске қатысушыларға шағын естелік сыйлықтар берілді