Жүгіруге қатысу үшін 800 – ден астам адам тіркелді, олардың ішінде бірінші қатарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге, ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, елордалық Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері, Астана медицина университетінің студенттері, түрлі спорт түрлерінен Олимпиада чемпиондары және қаламыздың тұрғындары бар.
Бұл күні Ботаникалық бақта жарысқа қатысушылар мен қала тұрғындары үшін Астана қ. қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Денсаулық қалашығын ұйымдастырды, онда барлық тілек білдірушілер АИТВ-инфекциясына, глюкоза мен қан холестериніне экспресс-әдістердің көмегімен тексеріліп, қан қысымын өлшеп, салауатты өмір салты ережелері бойынша кеңес ала алады. Тұрғындар денсаулық қалашығының жұмысына оң көзқараспен қарап, өз денсаулығына қамқорлық жасаудың маңыздылығын және осындай акциялардың пайдасын атап өтті. Айта кетейік, жүгіріске Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының медицина қызметкерлері де қатысты.