2

3

Орталық директоры Қанат Асқаров, 25 қазан - Мемлекет басшысының бастамасымен Ұлттық мереке деп танылған Республика күні енді қазақстандық мерекелер күнтізбесінде ерекше орын алатынын,Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, дамуы мен нығаюы үшін Қазақ КСР-нің Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларацияны қабылдау оқиғасының тарихи маңыздылығын атап өтті. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайдың бірінші жиынында Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін атап өтіп, бұл күнге ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынған болатын. Президеттің бұл ұсынысы қоғамда үлкен қолдау тауып, елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болып табылатын Республика күні Ұлттық мереке ретінде қайта жаңғырды. Елдігімізді әйгілеген бұл күннің барша халқымыз үшін маңызы мен алатын орны ерекше. Егеменділіктің еңсесін көтеріп, тәуелсіздіктің тұсауын кескен, қазақ жұртын әлемге бейбітсүйгіш ел, толерантты ұлт ретінде танытқан күн», – дедіҚанат Асқаров. Әріптестерін құттықтай отырып, денсаулық сақтауды дамытуға қосқан жеке үлесі үшін алғыс айтып, жылы лебізін білдірді.

Орталық қызметкерлері ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің, Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, «Ақниет» медицина қызметкерлерінің салалық кәсіподағының грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды, сондай-ақ «Денсаулық сақтау үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен және «Еңбек ардагері», «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды.