Жиналысты ұйымдастырушылар мен қатысушылар амбулаториялық деңгейде медициналық көмек көрсету кезінде АИТВ-инфекциясының берілуінің алдын алу жөніндегі шараларды іске асырудың міндеттері мен нәтижелерін талқылады.
Семинар-кеңеске МСАК директорларының орынбасарлары және АИТВ-инфекциясы бойынша жауапты дәрігерлер қатысты.
Кеңес барысында клиникалық көрсеткіштер бойынша МСАК-та АИТВ-ға тестілеуді талдау, қан реципиенттерін АИТВ-ға тексерумен уақтылы және толық қамтудың мониторингі, зертханалық диагностиканың аналитикалық аспектілері, АИТВ-ға жедел әдіспен тестілеу негіздері талқыланды.
Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша АИТВ мәселелерінде МСАК жұмысын жақсартуға бағытталған ұсыныстар мен шешу жолдары әзірленді.