WhatsApp Image 2023 11 22 at 16.53.51 1

WhatsApp Image 2023 11 22 at 16.53.52

WhatsApp Image 2023 11 22 at 17.10.28 

 

Сапардың мақсаты Астана қаласында Жаһандық қор грантының іске асырылу барысымен және Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс түріндегі профилактикалық бағдарламаларды мемлекеттік қаржыландыру саласындағы жетістіктермен таныстыру болып табылады.

Сапар аясында «Шаг в будущее», «Жизнь вопреки» және «Human Health Institute» ҮЕҰ-на барып, ЖИТС-сервистік ҮЕҰ-мен бірлескен жұмысты, ДДҰ мен ЮНЭЙДС ұсынымдарына сәйкес АИТВ-ның алдын алу мен емдеудің кешенді бағдарламаларын іске асыру барысын талқылады.

Астана қ. АИТВ орталығының директоры К.Аскаров қонақтармен атқарылып жатқан жұмыстың нәтижелері, ЮНЭЙДС-тің 95-95-95 стратегиясын іске асыру барысы туралы бөлісіп, «Астана қаласында АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 90%-ы өздерінің АИТВ мәртебесі туралы біледі, АИТВ-инфекциясы диагнозы қойылған адамдардың 87%-ы АРТ қабылдайды және 82%-да терапияның тиімділігі байқалады, оған қоса халықтың негізгі топтары арасында байланысқа дейінгі профилактика (БДП) бағдарламасы сәтті енгізіліп, өткен жылмен салыстырғанда БДП алған клиенттер саны 5,6 есеге, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар арасында С вирустық гепатитін емдеумен қамту 85 пайызға дейін өсті», - деп атап өтті ол.