Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні қарсаңында Астана ЮНЭЙДС-тің «Көшбасшылық - қоғамдастықтарға» атты Дүниежүзілік науқанына қосылды. Науқан 20 қарашада басталып, 1 желтоқсанға дейін жалғасатын болады. «Егер індетпен күресуді қоғамдастықтар басқарып, қолға алса, әлем ЖИТС-ты тоқтата алады. АИТВ індетіне тап болған қоғамдастық ұйымдар ЖИТС-ке қарсы тұру үшін алдыңғы қатарда тұр. Қоғамдастықтар адамдарды нақты адамға бағытталған денсаулық сақтау қызметтерімен байланыстырып, сенімділікті арттырады, инновацияларды енгізеді»,- деп атап өтті ЮНЭЙДС.
Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының басшысы Қ. Асқаров атап өткендей, елордада халықтың барлық топтарының АИТВ-ның алдын алу және емдеу қызметтеріне сапалы қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша түрлі шаралар қабылдануда. Медициналық ұйымдарда қызмет көрсетумен қатар, халықтың негізгі топтарының өкілдері ЖИТС-сервистік үкіметтік емес ұйымдарда инвазивті емес экспресс-тесттерді қолдана отырып, АИТВ-ға тестілеуден өтіп, кеңес ала алады. Жыл сайын қала халқының 25% - дан астамы АИТВ-ға тексеріледі, тестілеудің қол жетімділігі мен уақтылылығының арқасында жағдайлардың 80% - дан астамы аурудың 1-2, ерте сатысында анықталды. Дер кезіндегі, уақытылы диагностика пациенттердің Қазақстанда тегін негізде ұсынылатын антиретровирустық терапияға қолжетімділігін арттырады.
Баспасөз конференциясына «24 KZ» ТК, «Астана» ТК, «Первый канал «Евразия» ТК, «Tengri News» ақпараттық агенттігі мен «Елорда инфо» сайты секілді бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты.