Сапар барысында ағымдағы жылдың жартыжылдық қызметінің қорытындылары да талқыланды. Онда стратегиялық мақсаттар мен міндеттер, АИТВ орталығын дамыту жоспарлары, бюджеттік жоспарлау мәселелері және 6 айдағы АИТВ орталығы қызметінің негізгі көрсеткіштері ұсынылды. Халықтың негізгі топтары арасында профилактикалық бағдарламаларды іске асыру, клиникалық мониторинг, профилактика мәселелерінде бірлескен жұмыс жоспары бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
А.Ш. Рүстемова И.Есенберлин, 5/1 және Е.Брусиловский, 4 мекенжайындағы «бір терезе» қағидаты бойынша Сенім пункттері мен Достық кабинеттерінің жұмысымен танысты. Ағымдағы жылы, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы медициналық және кеңсе жиһаздарын сатып алуға, жылжымалы сенім пунктіне арналған автокөлік алуға, кеңсе техникаға қаржы бөлді. Жаңа автокөлік халықтың негізгі топтарының өкілдері шоғырланған, қаланың жаңа аудандарын қамтуға мүмкіндік береді. Сенім пункттері мен Достық кабинеттерде инфекционисттің, дерматовенерологтың, гинекологтың және эпидемиологтың профилактикалық қызметтерді алу үшін пациенттің маршрутын жетілдірді, бұл ыңғайлы және сапалы медициналық қызмет көрсету үшін жағдайды жақсартты. Үкіметтік емес ұйымдармен, аутрич-қызметкерлермен кездесулер мен тренингтер үшін бөлмелер мен жағдайлар көзделген.
Сапар нәтижелері бойынша АИТВ-ның таралуын алдын алуға, емдеуге және азайтуға бағытталған міндеттер мен оларды шешу жолдары белгіленді. АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайларға, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты тиімді іске асыру және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мәселелері бойынша одан әрі ден қою шаралары бойынша шешім қабылданды. Кеңес қорытындысы бойынша А. Ш. Рүстемоваға халыққа медициналық қызметтерге, оның ішінде негізгі топтарға қолжетімділікті кеңейту үшін бірқатар тапсырмалар берілді, бұл қала аудандарының халық санының өсуіне байланысты. Қойылған міндеттерді орындау үшін басқарма «Алматы» ауданының аумағындағы ауданы 400 ш. м. ғимаратты орталыққа теңгерімге берді. Жаңа ғимаратта халықтың негізгі топтарына және АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдарға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету көзделеді. Берілген ғимаратты жабдықтармен және жиһазбен жабдықтау үшін, қосымша 5 штаттық бірлік пен қаржы бөлу туралы шешім қабылданды. Ұйымның қаражаты есебінен ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді көздеу тапсырылды.