Іс-шараның мақсаты кешенді жыныстық білім беру аясында репродуктивті денсаулық, АИТВ-инфекциясы және қауіпсіз мінез-құлық мәселелері бойынша Астана жастарының хабардарлығын арттыру. Семинарға қатысушылармен мамандар адам құқықтары, гендерлік теңдік, зорлық-зомбылықтың алдын алу, репродуктивті денсаулықты қорғау, тұлғааралық қарым-қатынас және шешім қабылдау дағдылары сияқты мәселелерді талқылады. Тренингтің барлық қатысушыларына көрнекі материалдар таратылып, сертификаттар табысталды.