Отырысқа Білім басқармасы, Ішкі саясат басқармасы, Жастар саясаты мәселелері басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қарақалпақстан Республикасы ДСМ ЖИТС республикалық орталығы, Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы, ЖИТС-ке, туберкулезге және безгекке қарсы күреске арналған жаһандық қоры (ЖТБЖҚ), Астана қаласы мәслихатының депутаттары, Үкіметтік емес ұйымдар, «Достық» алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы, Қалалық фтизиопульмонология орталығы, Қалалық психикалық денсаулық орталығы, Қалалық перинаталдық орталық, Астана Медицина Университеті қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Жыл сайын 1 желтоқсанда өткізілетін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында өткізілетін іс-шараларды кеңейтуге жәрдемдесу, Астана қаласында АИТВ-мен сырқаттану деңгейін төмендету бойынша тиімді іс-шараларды және «95-95-95» стратегиясының индикаторларына қол жеткізу бойынша кешенді шараларды әзірлеу. Елордада АИТВ бойынша ведомствоаралық және сектораралық өзара іс-қимыл және бүкіл қоғамды АИТВ-ға қарсы жұмылдыру құралы ретінде достық елдер арасындағы әріптестікті дамыту жөніндегі шараларды күшейту.
Іс-шара барысында Қарақалпақстан Республикасы ДСМ ЖИТС РО бас дәрігері Д.Р. Мадреимованың Қарақалпақстан Республикасындағы АИТВ-ның эпидемиологиялық жағдайы бойынша сөзі, емдеудің алдын алу жүйесі, АИТВ-ны диагностикалау, алдын алу және емдеудің үздік практикалары бойынша мастер-класс өткізіліп, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға-шетелдік азаматтарға медициналық көмек көрсету бойынша ЖТБЖҚ-ны үйлестіруші Т.И.Давлетгалиеваның Қазақстандағы шетел азаматтарына АИТВ-ға тексеру және емдеу бөлігінде НҚА-ға шолуы тыңдалды.
Сондай-ақ қатысушылардың назарына Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А.С. Тулеуованың «АИТВ орталығының жұмысын ұйымдастырудағы елордалық денсаулық сақтаудың негізгі жетістіктері», АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы басшысының К. К. Асқаровтың, «Эпидемиологиялық жағдайға шолу, 95-95-95 қызметтер каскады және Астана қаласының тұрғындары арасында АИТВ-ның алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар» туралы баяндамалары ұсынылды.
«Жизнь вопреки» ҚҚ басшысы А.Ж. Мукушева АИТВ-мен өмір сүретін адамдар арасында күтім және қолдау бағдарламаларын енгізу бойынша МӘТ-ті іске асыру тәжірибесімен бөліссе, А.Б. Зейдулла «Достық» алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының басшысы МСАК орталығының жұмысын ұйымдастыру, сотталғандарға медициналық қызмет көрсету бойынша баяндаманы оқыды.
Халықтың негізгі топтары арасында профилактикалық бағдарламаларды іске асыру, АИТВ-ның алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелерінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстел қорытындысында Қарақалпақстанның ЖИТС-пен күрес жөніндегі республикалық орталығы мен Астана қаласы әкімдігінің АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.