Астана қаласында 15-49 жас аралығында АИТВ инфекциясының таралуы 0,34% деңгейінде, халықты АИТВ-ға тестілеумен қамту 27%-ды, антиретровирустық терапиямен қамту 90%-ды, АРТ-ның тиімділігі 92%-ды құрады.
Сонымен қатар талдауды, қайта қарауды және тиісінше оңтайландыруды талап ететін мәселелер мен процестер бар. Отырысты қорытындылай келе Орталық директоры К.К. Аскаров өз сөзінде «Нысаналы индикаторларға қол жеткізумен қатар, АРТ-ға бейілділікті, алдын алу бағдарламаларына бейілділікті, оның ішінде жанасуға дейінгі профилактиканы қоса алғанда жүзеге асырылатын іс-шаралардың сапасына, АИТВ инфекциясының ерте кезде таралуына, ХНТ үшін ДК қызметтерін қолжетімділігіне, ДК-ға келушілердің белсенділігін арттыруға, мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен ведомствоаралық іс-әрекетті кеңейтуге, «95-95-95 стратегиясын тиімді іске асыруды жалғастыруға назар аудару қажет», - деді.
Отырыстың соңында АИТВ инфекциясының алдын алуға, емдеуге және таралу қарқынын төмендетуге бағытталған тапсырмалар мен оларды шешу жолдары нақтыланды.