Орталық директорының орынбасары С.Б. Абдраимов арнайы контингентке медициналық қызмет көрсету Ішкі істер министрлігінің құзырынан Денсаулық сақтау министрлігіне ауыстырылғанына қарамастан ведомствоаралық бірлескен жұмыс өзекті болып қала беретінін айтып өтті. Сонымен бірге, кейбір мәселелерді шешуде басқарманың және мекеме басшылалығының өздерінің қатысуы маңыздылығын айтты. Ол ведомствоаралық сабақтастықты одан әрі қамтасыз етуге назар аударды және сотталғандардың, оның ішінде, АӨА-ның денсаулығын қорғау мәселелерінде бірлескен бақылауды күшейту туралы атап өтті.
Отырыстың қорытындылары бойынша қатысушылар профилактикалық бағдарламаларды одан әрі сапалы жүзеге асыру мен барлық мәселелерді ведомствоаралық деңгейде шешу туралы келісімге келді.