Кеңес барысында «2024 жылғы халықтың негізгі топтары арасындағы алдын алу жұмысты талдау. ҮЕҰ-ның ХНТ арасындағы профилактикалық бағдарламалардың тиімділігіне қосқан үлесі» атты презентациямен алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігері Г.Е. Каратаева сөз сөйледі. Кеңес барысында қатысушылар халықтың негізгі топтары арасында алдын алу бағдарламаларды іске асыру бойынша мәселелерді, сондай-ақ, қалыптасқан проблемалық мәселелерді талқылап, 2025 жылы алдын алу іс-шараларды іске асыру бойынша міндеттер белгіледі.
Іс-шара соңында тараптар 2024 жылы ХНТ арасында алдын алу іс-шаралардың жемісті өткізілгенін атап өтіп, 2025 жылға арналған АИТВ бойынша алдын алу іс-шараларды іске асыру бойынша одан әрі ынтымақтастықты күшейтуге дайын екендіктерін білдірді.