АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының алдын алу бөлімінің дәрігер-эпидемиологы А.А. Идрисова өз сөзінде мынадай тақырыпты қөзғады: АИТВ ерекшеліктері және Вирустың берілу жолдары, АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары, АИТВ-мен ауыратын адамдарды кемсітуге жол бермеу.

  Дәріс барысында АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС арасындағы айырмашылықтар, алдын алу шаралары түсіндірілді, сондай-ақ жасөспірімдерге өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау ұсынылды. Дәріскер жауапты мінез-құлықтың маңыздылығына және өмірлік басымдықтарды дұрыс белгілеуге, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділікті қалыптастыруға ерекше назар аударды.

     Дәріске 250-ден астам оқушы қатысып, ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

WhatsApp Image 2025 04 08 at 09.07.27

WhatsApp Image 2025 04 08 at 09.07.28