АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры К.К. Аскаров семинарды ашу сөзінде, эпидемиологиялық жағдайды, АИТВ инфекциясының анадан балаға берілудің алдын алу барысында іс шаралар медициналық ұйымдарда да жүргізілуі маңыздылығын атап өтті. Қан алған уақытта идентификация дұрыс жүргізілуі маңызды екеніне тоқталды медициналық ұйымдарда АИТВ-ға қан алу сапасына және биоматериалдың бракеражына жол бермеуге назар аударды.Сонымен қатар, ол АИТВ-жұқпасы орталығы жанындағы Достық кабинеттердің жұмыс қызметтерінің қолжетімділігін атап өтті.

    Эпидемиологиялық бөлім меңгерушісі Б.К. Култанова  презентациясында 2025 жылдың 3 айында АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайға талдау жасады, анадан балаға берілудің алдын алу мақсатында АИТВ-на эпидемиологиялық көрсеткіштер туралы және Астана қаласындағы алғашқы медико-санитарлық ұйымдар бойынша жыныстық серіктестерінің 2025 жылдың 3 айындағы АИТВ-ға тексерілу мониторингын ұсынды.

  Емдеу-профилактикалық бөлімінің инфекционист-дәрігері Л.Абилова АИТВ-инфекция жұқтырған әйелдің жүкті болған жағдайда балаға жұқтырмау жолдарын, антиреровирустық емге, контрацепцияға тоқталды.

 Семинар-жиналыс барысында жүкті әйелдер және олардың жыныс серіктестерінің тексерілуі туралы өзекті сұрақтар көтерілді.

 Іс-шара соңында АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілудің профилактикасы жөнінде пікір алмасты.

WhatsApp Image 2025 04 11 at 19.00.01 2

WhatsApp Image 2025 04 11 at 19.13.21

WhatsApp Image 2025 04 11 at 19.00.01

WhatsApp Image 2025 04 11 at 19.00.01 1