0790f6df f975 487a a72d e6e4730f77ce

28.03.2019 ж. Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығы мамандары АИТВ-ға жедел тестілеу сапасын бағалауды енгізу шеңберінде ҚР Президенті Іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасының клиникалық-диагностикалық зертханасының қызметкерлеріне семинар өткізді.

Семинар барысында АИТВ-ға экспресс-тестілеу өткізу техникасы, экспресс-тестілеу сапасын қамтамасыз ету және бақылау, құжаттаманы жүргізу негіздері және нәтижелерді түсіндіру мәселелері талқыланды.

Тыңдаушыларға АИТВ-ға экспресс-тестілеуді өткізу техникасы бойынша оқыту мастер-класс өткізілді.