2019 жылғы 26 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хан-Шатыр» ойын-сауық орталығында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Берік отбасы – есірткіден қашық!» ұстанымымен ауқымды есірткіге қарсы акция өткізілді.
Нұр-Сұлтан қаласының Әкімдігі, «Жас Отан» жастар қанаты, «Нұр Отан» ХДП қолдауымен Нұр-Сұлтан қ. ІІД мен ІІМ ұйымдастырған акцияға қалалық СПИД орталығы, салауатты өмір салтын қалыптастуру орталығы және дәрігер-наркологтер қатысты.
Акция мақсаты – нашақорлық мәселесіне және негізгі қатер тобы – жастар мен жасөспірімдер арасында аталған мәселені кешенді түрде шешу қажеттігіне назар аударту, есірткіге қарсы иммунитет пен салауатты өмір салтының тұрақты ұстанымдарын қалыптастыру, сонымен қатар есірткіге тәуелділерге қажетті медико-әлеуметтік көмекті көрсету.
«Берік отбасы –есірткіден қашық!» акциясына А. Кишкенбаев, джиу-джитсуден қара белдіктің алғашқы иегері, бразилиялық джиу-джитсуден халықаралық чемпионы А.Рузахунов, Қазақстандағы Street Workout бағытының басты жаттықтырушысы А.Жакупов пен басқа да киокушинкай каратэ мен таэквондо өкілдері сияқты Қазақстанның эстрада мен спорт жұлдыздары қатысты.
Акция барысында қатысушыларға нашақорлық пен АИТВ-инфекциясының алдын алу жолдары түсіндіріліп, басқа да мастер-класстар мен конкурстер өткізілді.