2019 жылдың 23-24 шілдесінде «Сенің денсаулығың сенің қолыңда» акциясы аясында «ARBA market» ЖШС-де Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС орталығының мамандары Сарыарқа ауданының тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау және сапасы департаментінің және ШЖҚ РМК «Ұлттық сараптама орталығының» Нұр-Сұлтан қалалық филиалының мамандарымен бірлесіп супермаркет қызметкерлері мен сатып алушыларына акция өткізді.
Акцияның мақсаты халықтың АИТВ және ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыруға және МӘМС енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына бағытталған. Іс-шараға қатысушылардың АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өтуге және мамандардың кеңесін алуға мүмкіндігі болды. Барлығына ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.