2019 жылғы 01 қарашада ЖИТС орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж. Айтмағанбетқызы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК медицина қызметкерлері үшін каскад әдісімен «МӘМС жағдайында медициналық көмекті ұйымдастыру» тақырыбында оқыту өткізді.
Іс-шара барысында Ж. Айтмағанбетқызы Қазақстан Республикасында 2020 жылдан бастап МӘМС жүйесінің енгізілуі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Іс-шараға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды. Барлығына ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.