«Нұрлы жол» теміржол вокзалында 2019 жылдың 8 қарашасында Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған акция ұйымдастырды, бұл шараға ЖИТС орталығының мамандары да ат салысты.
Акцияның мақсаты 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС-ті енгізу туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру болып табылады.Акция аясында барлық ниет білдірушілер артериялық қан қысымын өлшеп, СӨСҚ орталығы, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мамандарынан консультация алып, скринингтен өту қажеттілігі туралы біліп, АИТВ инфекциясына экспресс-тест тапсырды. МӘМС туралы викторина ұйымдастырылды. Іс-шара АМУ студенттерінің флешмобымен жалғасып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы және АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу бойынша ақпараттық-білім материалдары таратылды.