2019 жылдың 10 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қалалық №58 мектепте ЖИТС орталығының мамандары Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Спикерлер тыңдаушыларға МӘМС енгізу туралы, сақтандырылған және сақтандырылмаған азаматтар үшін медициналық көмектің түрлері туралы ақпарат берді, сондай-ақ қалай МӘМС жүйесінің қатысушысы болатыны жөнінде түсіндірілді. Сонымен қатар буклеттер түрінде ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.