2020 жылғы 13 қаңтарда денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы мен салалық жол карталарын орындау бойынша медициналық ұйымдар басшыларының есептерін тыңдау шеңберінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Д. Кисикова Нұр-Сұлтан қалалық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында, ЖИТС орталығының директоры С.Абдраимов 2019 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша есеп берді. Астанада АИТВ-инфекциясымен сырқаттанушылық шоғырланған сатыда, алайда АИТВ-ның жыныстық жолмен таралуының ұлғаюына байланысты жүкті әйелдердің АИТВ-ны жұқтырудың, аурудың өсуінде беталыстар бар. Осылайша, жыныстық қатынас арқылы жұқтыру деңгейі 85%-ға дейін жетіп, аурушаңдықтың өсуі 25 жағдайға артты. Орталықта антиретровирустық терапияны 909 пациент алады, емдеу тиімділігі 73% құрайды. Кеңес қорытындысы бойынша АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды емдеу, балаларда АИТВ-ның алдын алу және АМСК-мен тығыз өзара іс-қимыл бойынша мақсатты жұмыстар бойынша неғұрлым тиімді көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша тапсырмалар берілді.