2020 жылдың 24 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығында 2019 жылдың қорытындысы бойынша Медициналық кеңес отырысы өтті.Бөлім меңгерушілері өткен жылмен салыстыра отырып жұмыстың сапасы мен тиімділігіне талдау жасады. Отырыс барысында АИТВ-инфекциясының жыныстық жолмен таралуының алдын алу, халықтың негізгі топтарының арасында алдын алу бағдарламаларын жүзеге асыру, клиникалық мониторинг жүргізу және т.б. мәселелер талқыланды.
Қорытындылай келе, АИТВ-ның алдын алуға, емдеуге және таралу қарқынын төмендетуге бағытталған міндеттер мен оларды шешу жолдары белгіленді.